“Қайрақ” қырағылары
Ұлттық Қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері Ресей Федерациясына медициналық маска өткізбек болған жүргізушіні ұстады.Оқиға бүгін ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комиттеті Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Қайрақ» шекара бекетінде болған. Шекараның бақылау бөлімі бастығы Өмірбек Қуатовтың айтуынша, Алматыдан Мәскеу қаласына бағыт алған жүк тасымалдаушы автокөлігі тексерілді.
«Тексеру кезінде шекарашылар халық тұтынатын тауарлардың ішінен Қазақстан Республикасынан тыс шығарылуға тыйым салынған 1 миллионнан астам медициналық масканы тәркіледі. Оны жасырын түрде алып шықпақшы болған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Шығын көлемі 118 миллион теңгені құрады.Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеулер жүргізіліп жатыр»,- деді Өмірбек Қуатов.
Тәркіленген медициналық маскалар Экономикалық бақылау басқармасына жөнелтілді.