Қараусыз малға қожайыны айыпты

Қостанай облысында мәслихат депутаттары ауыл шаруашылығы жануарларын бағуға қатысты жаңа ережелер қабылдады. Енді полиция мал жаю ережелерін бұзған түлік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы. ҚР Әкімшілік Кодексінің 408-бабының санкциясы 3 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды көздейді.7c88ffa4145ce4f729f0b7482cc7dfe5
Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мейрам Базарбаев мал ұрлығының басым бөлігі нақ осы қараусыз жайылу салдарынан жасалатынын атап өтті. Жыл басынан бері полиция ұрылар олжасына айнала жаздаған 114 жануарды иелеріне қайтарған. Биыл облыста бас-аяғы мал ұрлығына қатысты 145 дерек тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе аз көрінеді. Ал аса ірі шығынға соқтырған мал ұрлығы деректері 60%-ға төмендепті.
Полиция қызметкерлері әрбір арыз сайын ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, жедел іздестіру іс-шараларына барынша жұмылып, қолдан келген әрекетті аянып қалған емес. Енді жаңа ережеге сәйкес, "қаңғыбас" жануарлар әр ауылдық округтегі арнайы кардтарға орналастырылады. Бұл ережелер осы жылдың 16 қазанынан бастап қолданысқа енеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓