Тосқауыл бекеттері қойылмайды

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірлер арасында блокбекеттер қойылмайтынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.блок18
"Кіру және шығу үшін ешқандай анықтамалар қажетт болмайды. Блоктар өңірлер арасында орнатылмайды. Бұрын айтылғандай, өңірлер арасындағы жолаушылар, автобус қатынасы тоқтатылады", – деді Тоғжанов.
Еске салайық, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.Қ азақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓