Жауапсыз бригадир жазаға тартылды
Қостанай облысының Таран аудандық сотының үкімімен 23 жастағы Егор Михейлис ҚР Қылмыстық кодексінің 156 бабы 3 бөлігі бойынша айыпты деп танылды.
«Казводтехника» ЖШС-де Таран ауданы Тобыл ауылындағы екінші көтерме су құбыры желісін жөндеу бойынша объектіде бригадир міндетін атқарған және де жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының сақталуына жауапты тұлға болған Михейлис жұмыс барысында қателіктерге жол берген. Нақтырақ, 2015 жылдың 18 тамызында сағат 13.00 шамасында бригадир м.а. Михейлис Таран ауданының Тобыл ауылындағы су құбырларын салу жұмысын бақылап жүріп жұмыскер В.Соловьевтың сақтандыру белбеуінсіз тереңдікте құбырларды бекітуге түсуіне жол берген. Жұмыс барысында топырақ құлап, жұмыскер жарақаттанып, оқиға орнында қаза тапқан.
Сот отырысы барысында тараптар арасында кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалған.
Сот үкімімен Егор Михейлис қылмыстық құқық бұзушылықта айыпты деп танылып, оған 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу және 2 жыл мерзімге құрлыс-жөндеуге байланысты жұмыс істей құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қазақпарат