Саяжайдан өрт шықты
30-сәуір күні сағат 17.01-де облыстық төтенше жағдай департаментіне Жітіқара қаласының шетіндегі «Мичуринец» саяжайы өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Кейін өрттің тұтанған қурайдан шыққаны белгілі болады. Қызыл жалын иесіз тұрған 7 үйді және жұрт тастап кеткен 15 саяжай телімін шарпыған.
– Өртті бірден сөндіруге жылдамдығы 23 м/с болатын күшті жел көп кедергі болды. Соған қарамастан тілсіз жау сағат 18.37-де толық ауыздықталды. Зиян шеккендер жоқ, – деп хабарлады ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Ресми мәлімет бойынша, 1 жарым гектардай аумақты шарпыған қызыл жалынды тоқтатуға 6 өрт сөндіргіш және өртке қарсы 3 арнайы техника, сондай-ақ он шақыт өрт сөндіруші жұмылған.