Ұрылар тұрғындарды сан соқтыруда

Рудный қаласында бірнеше қылмыстық оқиғалар тіркелді. Ұрылар көшелерді торып, пәтерлерге түсуде.вор
Мәселен, көшеде әлдебір азаматшаның ұялы телефонын тартып алып, қаракүзен терілі бас киімін ұрлап қашқан. Шығын көлемі – 127 830 теңге. Ұры іздестірілуде.
Тағы бір зейнеткер қаскүнемнің құрбаны болды. Кейуана пәтері есігін ашық қалдырған. Салдарынан қуаяқтар оның сөмкесінен 51 мың теңгесін қолды етіпті. Күдіктілер кезекті бір пәтерге түсіп, 70 мың теңгені қалталарына басып, ер адам күрткесін ұрлаған.
Қылмыскерлер тағы бір үйдің есігін кілтпен ашып кіріп, бейнекамера, фотоаппарт, теледидар, музыкалық орталық және былғары күрткені олжа еткен. Сол күні кешкілік басқа бір жер үйдің пластикалық терезесін бұзып ашқан ұры электрлік плита, теледидар және техникалық құрал-саймандарды сыпырып кетіпті. Сол арқылы үй иесін 500 мың теңге шығынға отырғызған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓