Қымбатты қостанайлықтар!
Қымбатты қостанайлықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!
Көптеген ғасырлар бойы халықтың бірлігі, бейбітшілік пен келісім құндылықтары құт-берекенің және Ұлы Даланың өркендеуінің негізі болып табылады.
Қазақстан халқының Ассамблеясы 25 жыл бойы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев негізін салған мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары – халықтың достығын, тұрақтылығын нығайтудың, этностар арасындағы келісімді қамтамасыз етудің үлгісі болып келеді.
Жүзден астам этностар бейбіт өмір сүріп жатқан біздің облысымызда этномәдени бірлестіктерінің көшбасшылары іс жүзіндегі үлгі боларлық мысалдарымен Ассамблеяның халықтың бірлігі мен этносаралық келісімді, қайырымдылық пен қоғамдық дамуды нығайту жөніндегі мақсаттарына адалдығын көрсетіп келеді.
Достық, өзара түсіністік және келісім мерекесі коронавирустық пандемияға байланысты оқиғалар кезеңінде ерекше маңызға ие бола түсуде. Мемлекеттік қолдаудың ауқымды шаралары, медицина қызметкерлерінің азаматтық және кәсіби ерліктері аясында, біз өзіміздің педагогикалық және ата-аналар қауымдастығы, мәдениет және өнер қайраткерлері тарапынан өзара моральдық қолдаудың куәлары болып табыламыз. Қайырымдылық акциялары мен еріктілердің баға жетпес еңбегі жаңа мағынаға ие болуда.
Жауапкершілік пен азаматтық борыш, белсенді азаматтық ұстаным мен көмекке келуге дайын болу көрінісі жасампаз болашақ үшін қажет, мақтаныш және үлгі тұтуға лайықты.
Қымбатты жерлестер!
Мемлекеттің құдіреті мен күш-қуатының басты шарты қашанда халық бірлігін сақтау қағидаты, бір-бірін түсіну және қолдау қабілеті болып келді және солай болып қала береді!
Әрбір отбасына бейбітшілік пен құт-береке, денсаулық және Отанымыздың гүлденуі жолындағы істеріңізге табыс тілеймін!
Қостанай облысының әкімі, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының төрағасы А.Мұхамбетов