Полицейлерге алғыс айтады

полиция 2Қостанай қаласының тұрғыны такси жүргізушісі Владимир Дмитриенко Қостанай қаласындағы  Оңтүстік полиция бөліміне алғыс айта келді.
29 қаңтар күні түнде 9 шағын ауданда біреулер оның көлігіне отырып, орталыққа жеткізуді сұраған. Мінгеннен кейін екеулеп соққыға жыққан. Жүргізуші есін жиғанда екі телефоны мен 5 мың теңге ақшасының ұрланғанын біліп, полицияға хабар берді. Оқиға болған жерге Оңтүстік полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы келіп жетті. Сол жерде тағы екі такси жүргізушісінің  бұзақылардан зардап шеккені анықталды. Тәртіп сақшыларының жедел іс-әрекетінің нәтижесінде қылмыс келесі күні ашылды. Қылмыскерлер ұрлан-ған телефоннан хабарласпақ болғанда қолға түсті.19,20 жастағы екі жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Такси жүргізушісі  өз хатында Оңтүстік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Серік Кәкімжановқа, сондай-ақ жедел қызметкерлер Алексей Рудаковқа, Азамат Бекмұхамедовке және Евгений Курьятаға қылмысты жедел ашып, такси жүргізушілеріне көмекке келгені үшін алғысын айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓