Қайғылы оқиға
Қайғылы оқиға Қостанайда 30 сәуірде болған. Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 05:57-де Мичурин көшесінде жеке тұрған бір бөлмелі үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.
«Өрт тұрғын үйдің бөлме арасындағы қабырға мен еденінен басталған. Ал үйдің кіреберісінен ер адамның мүрдесі табылды. Өрт сөндірушілер үйден төрт газ баллонын алып шықты. Өрт шарпыған аумақ 80 шаршы метрді құрайды, – делінген баспасөз хабарламасында.