Қостанайлық шекарашы әлем чемпионы атанды
Ресей астанасы Мәскеу қаласында қоян-қолтық ұрыс түрінен үшінші әлем чемпионаты аяқталды. Оған Қостанайдағы шекара отрядының сержанты Руслан Аушев қатысып, алтын медальды жеңіп алды. Үшінші рет чемпион атанып оралған шекарашыны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры полковник Дархан Ділманов ұжым атынан құттықтады.
Енді, аталған жарыс туралы бір-екі ауыз сөз айта кетсек. Оған әлемнің 40-тан астам елінен спортшылар қатысты. Чемпионатта ерлер 9 салмақ дәрежесі бойынша, әйелдер 8 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Ал Руслан Аушев болса 90 кг. жоғары салмақ бойынша сынға түсіп, ресейлік спортшыны жеңіп, чемпион атанды. Финалдың алдында ол Болгариялық, Өзбекстандық және Литвалық спортшыларды жер жастандырды. Осындай ауыр жекпе-жектердің арқасында қазақстандық спортшы финалға жолдама алды.
Махаббат Бекбай
Жарайсың Руслан, сәттілік тілейміз!!!