Режим ретке келеді

Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте карантин режимін жеңілдету шараларын мәлім етті. Ол ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың аймақтардағы шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдетуді тапсырғанын атап өтті. Атап айтқанда, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, кейбір кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі жанданады.
shutterstock_1695957565
– «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Ауыл – Ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында құрылыс-жөндеу жұмыстары тоқтатаған жоқ. Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарының, зертханалардың, инфрақұрылым объектілерінің, тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс қызметтерінің, азық-түлік дүкендерінің, ТҚС, ЖҚС, екінші деңгейдегі банктер филиалдарының қызметіне рұқсат берілді. Жалпы, карантин кезеңінде 90 мыңнан астам адам өз жұмысын тоқтатқан жоқ, – деді Сергей Карплюк.
Күні кеше Өңірлік жедел штабтың шешім бойынша келесі бағыттардағы жұмыстар жанданады:
– қаржы және сақтандыру секторын, нотариалдық қызметтерді ұйымдастыру;
– қызмет көрсету саласы объектілері: автожуу, тұрмыстық және ұйымдастыру техникасын жөндеу шеберханалары, химиялық тазалау және кір жуу орындары;
– саяжай маусымы үшін тауарлар сататын дүкендер;
– азық-түлік дүкендері сағат 8.00-ден 21.000-ге дейін;
– Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек «тұтынушыға жеткізу» қағидаты бойынша сағат 07: 00-ден 21:00-ге дейін рұқсат ету көзделген.
Осылайша, бизнеспен айналысатын 24 мыңға жуық адам жұмысқа шыға алады. Алайда, карантиндік нормалар бұзылған жағдайда объектілер жабылатын болады. Аулаларды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар балалар алаңы орналасқан тұрғын үйлер ерекше бақылауға алынбақ.
– Халықты толғандыратын тағы бір мәселе – саяжайға бару. Қазір өңірлердің жедел штабтарының шешімі бойынша саяжай учаскелеріне шығу ішінара рұқсат етілген. Рудный қаласына емін-еркін баруға болады. Лисаков қаласының  тұрғындары жексенбі күні сағат 6.00 – 20.00-ге дейін бақшаларына бара алады. Қостанай қаласында саяжайға бару уақыты – сағат 06:00 – ден 08:30-ға дейін, ал қайтуға 18:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат берілді. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде 2020 жылдың 1-11 мамыры аралығында облыс орталығында 12 саяжай бағыты ұйымдастырылады, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓