Көрме қауіпсіз өтуі керек

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кездесуде Кәрім Мәсімов мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шараларды атқарып жатқанын баяндады.photo_36110Қазақстан Президенті алдағы уақытта "ЭКСПО-2017" көрмесімен қатар әлемдік деңгейдегі басқа да ауқымды шаралар өтетінін еске салды.
"Биыл бірқатар халықаралық іс-шаралар болады. Мемлекет пен үкімет басшылары, парламент мүшелері, сондай-ақ шет елдерден және өз елімізден туристер көптеп келеді деп жоспарланып отыр. Осыған байланысты, сол іс-шаралардың тиісті деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау қажет. Ең алдымен, қауіпсіздік мәселесіне назар аудару керек", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы басқа елдерде болып жатқан террорлық актілерге тоқталып, ондай жайттарға жол бермеу үшін тиісті жұмыстар жүргізу, соның ішінде шет елдердегі әріптестермен өзара іс-қимыл орнату қажеттігін айтты. Мәсімов Елбасыға мұндай ауқымдағы іс-шараның қауіпсіз өтуі, сондай-ақ терроризммен және діни экстремизммен күрес Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, басқа да құқық қорғау органдарының ұдайы бақылауында болатыны жөнінде мәлімдеді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓