Сырқат саны беске жетті
Екі жітіқаралықтың коронавирустық инфекция жұқтырғаны мәлім болды. 12 сәуірде пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылған 74 және 65 жастағы екі тұрғынға жүргізілген ПТР диагностикалық зерттеу олардың COVID-19 дертіне шалдыққанын анықтаған.
"12 сәуірде Жітіқара ауруханасына дене қызуы жоғары, деміккен 74 және 65 жастағы екі әлсіз қарт жеткізілді. 14 сәуір күні пневмония диагнозымен қабылданған екі кісінің COVID-19 сырқатын жұқтырғаны мәлім болды. Бекітілген тәртіпке сәйкес тиісті ем-шаралар жүргізілуде. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды", – деп хабарлады Жедел ақпараттық штаб өкілдері.
Осылайша, Қостанай облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 5 адамға жетті. Облыс көлемінде эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.