Дезинфекциялық дәліз

 
Қостанайдағы жедел жәрдем ғимаратының кіреберісіне дезинфекциялық дәліз орнатылды. Енді қызметкерлер ғимаратқа осы дәліз арқылы өтетін болады. Кіреберіс дезинфекциялық ерітіндісі бар арнайы бүріккішпен жабдықталған. Механизм қозғалыс датчигі арқылы автоматты түрде жұмыс істейді. Ал, өңдеу бірнеше секундқа ғана созылады.
туннель
Айтпақшы, бүгін жедел жәрдем қызметкерлерінің күні. Сондықтан, індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ желеңділерді мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық, қызметтеріне сәттілік тілейміз!
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓