ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі тапсырмасына орай, Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В.С.Нечитайло  облыс халқы арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жариялаған қаулысына өзгеріс енгізді. Онда 28.04.2020 жылдан бастап шектеу шараларын жеңілдету қарастырылған. Атап айтқанда:

1. Аула алаңдарында 9:00-ден 20:00-ге дейін серуендеуге;

2. Аумақтық шұғыл штаб әзірлеген қағидаларға сәйкес саяжай алқаптарына (бау–бақша қоғамдарына) жүруге;

3. Қаржы және сақтандыру секторы ұйымдарының, нотариаттың жұмысына;

4. Қызмет көрсету саласы объектілерінің жұмысына: көлік жуу, тұрмыстық және ұйымдастыру техникасын жөндеу шеберханалары, химиялық тазалау және кір жуу орындары;

5. Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақытын  сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін;

6. Саяжай маусымы үшін тауарларды сататын дүкендерге;

7. Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы тек "клиентке жеткізу" қағидаты бойынша сағат 07: 00-ден 21:00-ге дейін рұқсат ету көзделген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓