Карантин аптаға күшейеді

Короновирус инфекциясымен күрес жөніндегі облыстық жедел штаб бір аптаға карантин шектеулерін күшейту туралы шешім қабылдады.карантин
Облыстық жедел штабтың шешімімен жабық спорт объектілерінің (спорт кешені, спорт залы, фитнес орталық, спорт-сауықтыру орталығы және басқалары) жұмысына тыйым салынды. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарына шектеу енгізілді, атап айтқанда, 1 үстелге 4 адамнан артық отырмайды, үстелдер арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы тиіс, ал тағамды жеткізу қызметіне сағат 22:00-ге дейін рұқсат етілді.
Бұдан бөлек облыстың бас санитария дәрігерінің шешімімен мынадай шектеу шаралары бекітілді:
1) Қала сыртындағы, жол бойындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына тек жеткізу қағидатымен рұқсат беру; 
2) Бассейндердің, оның ішінде монша мен саунаның қызметіне тыйым салу; 
3) Монша, саунаның жұмысын 9.00-ден 19.00-ге дейін шектеу;
 4) Санаторий мен демалыс базаларының жұмысын тоқтата тұру;
 5) Демалыс және мереке күндері автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшек сататын дүкендердің жұмысына тыйым салу;
6) Медициналық-әлеуметтік сала объектілерінің жұмысын карантин режиміне көшіру (қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған объектілер, балалар үйлері, балалар үйлері, әлеуметтік оңалту орталықтары, мүгедек балаларға арналған оқу орындары және басқалар);
7) Балалар секциясы, үйірмелердің, факультативтердің жұмысына тыйым салу;
8) Профилактикалық егуді қоспағанда, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында жоспарлы скрининг пен профилактикалық тексеру жасауды тоқтата тұру.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓