COVID-19: аймақтағы антирекорд

28 қаңтар күні Қостанай облысында коронавирусты 595 адам жұқтырған. Бұл – өңірде бұрын-соңды тіркелмеген көрсеткіш.
Жіктеп айтқанда: Қостанай қ. – 286, Рудный қ. – 82, Арқалық қ. – 62, Жітіқара қ. – 55, Қостанай ауданы – 24, Алтынсарин ауданында – 20, Қарабалық ауданында – 19, Федоров ауданында – 15, Қамысты ауданында – 11, Жангелді ауданында -10, Ұзынкөл ауданында – 6, Денисов ауданында -3, Әулиекөл ауданында – 2.
557 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 27 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 11 адам профилактикалық мақсатта тексерілген кезде кесел жұқтырғандарын білген..
Індет жұқтырғандардың ішінде 533 адамда ауру белгілері болды, 62 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2022 жылғы 28 қаңтар аралығында COVID-19-ды 46 772 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 42 267.
2021 жылы 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 352 795 адам, екінші компонентпен 334 144 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓