63 адам індет жұқтырды
6 шілдедегі мәлімет бойынша, Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 63 адамның жұқтырғаны анықталды.Олардың басым көпшілігі облыс орталығында тіркелген – 50 адам. Лисаков қаласында – 2, Қарабалық ауданында – 6, Әулиекөл ауданында – 3, Қостанай ауданында 2 адам індет жұқтырды.
Бұл адамдар әлсіздікке, тамақ ауруына, дененің қалтырауына шамыданған, сондай-ақ көбі профилактикалық мақсатта тексерілуді жөн санаған. ПТР диагностикалық зерттеулерінің қорытындысы бойынша, COVID-19 диагнозы барлық науқастарға қойылды.
Мамандар ауру ошақтарында профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіп, олармен байланыста болған адамдарды анықтауға кіріскен.
Эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
2020 жылғы 6 шілдедегі жағдай бойынша, облыста COVID-19 инфекциясын 1161 адам жұқтырған, жазылып шыққандары – 343 адам.