Халықты сабырға шақырамын
Аты жаман індет әлемді жайлады. Біз 44 тәулік бойы төтенше жағдай режимінде өмір сүріп келеміз. Әрине, халыққа оңай түсіп отырмағанын жақсы білеміз. Көбі жұмыстарынан қалды. Жұмыс табамын дегендер үйлерінде отыр. Табыс іздеген жерлестеріміздің жоспары күн тәртібінен түсті.
Індетті жеңудің бір жолы барын ғана түсіндік. Мұны әлем тәжірибесі көрсетіп отыр. Біз де осы жолмен келе жатырмыз. Осының арқасында індет жаппай таралған жоқ. Карантин тәртбін сақтап отырған тұрғындарға рахмет айтамыз. Жалпы бұл тұрғыда Қазақстанның тәртібіне ДДСҰ, әлем елдері оң бағасын беруде. Қазір алаңдарды, көшелерді дезинфекциялап жатыр. Жақында Жамбыл облысынан келген жастармен де сөйлестім. Олардың көмегі зор.
Осындай қиын шақта қарттарға үзбей көмек көрсетіліп отыр. Аймақтарда індет әр деңгейде өтіп жатыр. Негізгі мақсат – халықтың денсаулығын сақтау, бүлдіршіндердің өмірін қорғап қалу. Ең қажетті экономикалық, әлеуметтік салаларды деңгейінен төмендетпеу үшін билік кешенді шара қабылдады. Азық-түлік тегін таратылып жатыр. Жарты миллионнан астам адамға көмек көрсетілді. Жергілікті билік орындары тауар бағасын бақылауда.
Ел дамуының өзегі – шағын және орта бизнес. Бүгінде несиені бөлу, беру тетіктері дайын, қаражат бар. Ірі компаниялар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Оларды да қолдау көздері қарастырылуда. Ас атасы – алтын дән. Біздің өлкеде егіс кампаниясына қызу дайындық өтуже. Үкіметтен қолдау тапқан шаруалардың үміті басым. Егін себуде еш кедергі жоқ.
Әлемде бірнеше миллион адам аты жаман індетке шалдығыпты. Сондықтан президентіміз карантин режимінін өзгертіп, бірнеше күнге созып отыр. Осыны ұтымды пайдалануымыз қажет. Көбіне шыдадық, енді азы қалды. Дәрігерлерге артық жүк болмас үшін, денсаулықтарыңыз үшін халықты сабырға, бірлікке шақырамын.

Қалқаман Жақып,
Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры,
философия ғылымдарының кандидаты