Қала әкімі қайырымдылық акциясына қатысты

Қостанай қаласының әкімі Ахмедбек Ахметжанов «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 1 сыныпқа баратын Инна Ержановаға көмек көрсетті. Инна Ержанова жаңа оқу жылында қаладағы №5 мектеп-гимназиясының табалдырығын аттамақ. Қала басшысы Иннаға мектеп формасы мен спорттық киімдер, маусымдық аяқ киім сыйлады. Сондай-ақ бала шәкіртке қажетті оқу-құралдарын сатып алып берді. Қала әкімі былтырғы жылы да Инна Ержанованың  барлық оқу-құралдарын алып берген болатын. Ол кезде Инна мектеп алды даярлық сыныбына барды. И.Ержанова қазіргі уақытта Татьяны Мальцеваның қамқорлығын алынған. 
DSC_0030Шаһар басшысы Ахмедбек Масақбайұлы Иннаның сабақты жақсы оқып, жоғары жетістікке жетуін тіледі.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ең алғаш рет 1998 жылы Қостанай облысында басталған болатын.  Ал 2001 жылы аталмыш акция республикалық деңгейде кең тарап, өзге облыстарда жалғасын тапты. 
 
 
Қымбат Досжанова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓