Тұрғындар қарызы – 600 млн теңге

Қостанай облысының тұрғындары түрлі заңбұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды төлеуге асықпайды. Тек биылғы жылдың өзінде жеке сот орындаушыларында әкімшілік айыппұлдарды төлеу жөніндегі 41 мың атқару құжаттары аяқталмай қалып отыр. Осының салдарынан 800 млн теңге айыппұлдың тек 200 млн теңгесін ғана төлетудің мүмкіндігі туған. ақшаЕгер бұрындары салынған айыппұлдың небәрі 100 теңгесі төленбай қалса, елден шығуғы тыйым салынатын. Қазір талап өзгерді. Енді айыппұл көлемі 45 мың теңгеден асатын болса ғана азаматтар ғана шетелге шыға алмайды.
«Айыппұлдарын төлемеген адамдарды бұрын пойыздар мен ұшақтардан және өзге де көліктерден шығарып тастап, өткізу бекеттерінен немесе шекарадан өткізбейтін. Ешқайда шыға алмаған соң азаматтар тұрғылықты жеріне қайта оралуға мәжбүр болады»,-деді Қостанай облыстық Әділет департаменті бастығының орынбасары Асқат Жүнісов.
Оның айтуынша, айыппұлдардың төленбеу себебі көбіне ол туралы хабардың иесіне уақытында жетпеуімен байланысты. Пошта қызметкері айыппұл салынғаны туралы құжатты азаматтың тұрғылықты мекенжайына алып келіп береді. Ал ол азаматтың мекенжайы өзгеріп кетуі әбден мүмкін. Бас прокуратура өкілдері болса, әдеттегі хат салынатын жәшікті электронды жәшікпен алмастыруды көздеп отыр. Бұл жағдайда жүргізушіге тегін электронды пошта ашу керек болады және ол көлік нөмірі мен ЖИН-ге баланыстырылады. Жол ережесі бұзу фактісі немесе бақа да жағдайда айыппұл салынатын болса, электронды поштаға хат келеді.
Сонымен қатар әрбір азамат Әділет министрлігінің арнайы сайтына кіріп, қарыздар азаматтардың тізімінен өзінің аты-жөнінің бар-жоғын тексере алады. Ол үшін тек ЖИН (ИИН) енгізсеңіз болғаны.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓