Қош бол, жылу!

Бүгін Рудныйда жылу беру маусымы аяқталады. Түнгі 00.00-ден бастап барлық тұрғын үйлер орталық жылу жүйесінен ажыратылады.tec
Қалалық Жылуэлектр орталығының мамандары 12-13 мамыр күндері жылу желілері гидравликалық сынақтан өтетіндігін хабарлайды. Яғни бұл күндері ыстық су болмайды.
Жылу желілерінің диагностикасы – құбырлар мен жабдықтардың жаңа жылу маусымына дайындығын тексеруге арналған қажетті шара. Жедел жөндеу жұмыстары ақау анықталған учаскелерде ғана жүргізілетін болады.
Айта кетейік, өткен жылы«ССКӨБ» АҚ Жылуэлектр орталығындағы жабдықтарды жаңартуға 4 миллиард теңге бөлді. Кен алыбы қолға алынған шараларды жалғастыру үшін биыл да қомақты қаражат қарастыруды жоспарлап отыр.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓