Қалаға кіруге рұқсат берді

Қашар кенті, Железорудная стансасы мен Перцев ауылының тұрғындары бұдан былай Рудный қаласына емін-еркін кіріп шыға алады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Ғаязов әкімдік аппаратының инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.93313904_253114895842946_7124963989487177489_n
«Рудный қаласының әкімшілік-аумақтық құрамына бірнеше елді мекендер кіреді. Олар мен біздің қала арасындағы қашықтық айтарлықтай. Ал ауыл тұрғындары сапалы медициналық қызметке, азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмектерді сатып алуға, қарт ата-аналарына барып-келуге құқылы. Осыған байланысты азаматтарға жоғарыда аталған себептер бойынша қалаға кіруге рұқсат ету шешімі қабылданды» – делінген әкім үндеуінде.
Бақытжан Темірұлы аталған талаптардың орындалуына ауыл әкімдіктері жауапты екендігін айтады. Яғни олар Рудныйға барамын деуші азаматтарына бір жолғы рұхсат қағазын беруі тиіс.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓