Мал ауруы меңдеп тұр
Арқалық қаласы өкінішке қарай мал ауруы жөнінен облыста көш бастап тұр. Былтыр жыл бойы 145 ірі қарадан бруцеллез анықталса, биыл небары 6 айдың ішінде 254 бас тіркеліп отыр.Бүгінгі таңда қалаға қарасты Екідің ауылында – 48, Жалғызтал ауылында – 41, Қайыңды ауылдық округінде – 83, Көктау ауылында – 38, Фурманов ауылында – 21, Аққошқар ауылында – 15, Ашутасты ауылында – 14, Үштөбе ауылында – 2, Родина ауылында – 1, Арқалық қаласында – 1 бас ірі қарадан бруцеллез ауруының белгісі байқалған.
Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Қайрат Әбішев кезекті қала активінде мәлімдеп, мал дәрігерлерінің көктемегі қаналу, тексеру жұмыстарын сылбыр жүргізіп жатқандығын сынғаалды.
Әлікүнге 7000 бас ірі қара тексеруден өтпеген. Демек, мал ішіндегі эпизоотиялық жағдайдың жуық арада беті бері қарамайтын сыңайлы.
Қала прокуроры Досымхан Мұратханов мұны төтенше жағдай деп қабылдау қажеттігін айтты. Тиісті мекемелердің шаруасын бекемдеп, нәтижелі жұмыс істемесе болмайды.
Асқынған ауру малдан адамға жұғуы мүмкін. Бүгінгі күннің өзінде өңірден бір адам бруцелез ауруын жұқтырды деген күдікпен облыстық денсаулық сақтау мекемелерінде дәрігерлік тексерулерден өтуде.
МұратЖүнісұлы
Арқалыққаласы.