Балабақшалар жөндеуге жабылады
Қостанай қаласы. Облыс орталығындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің барлығы да жаздың екі айында жөндеуге жабылмақ. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің өкілдері хабарлауда. Ағымдағы жөндеуге бөлінер қаржы биылғы жылы айтарлықтай қысқартылған. Бюджеттен небәрі 30 млн. теңге қарастырылыпты. Білім ошақтары осы қаржыға іші-сыртын бүтіндеп алуды жоспарлап отыр