Облыста 300 дала, 26 орман өрті тіркелді
Өрт қауіпсіздік кезең басталғаннан бері облыста 300 дала, 26 орман өрті болды. Бұл туралы бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің өкілі У.Досанов мәлім етті.

Сонымен қатар ресми өкілдің айтуынша, осы уақыт аралығында 26 орман өрті болды. Қызыл жалын 969 гектар жерді отқа ораған. Табиғи өртті сөндіруге 288 техника және өртке қарсы қызметтің жеке құрамы, қосымша 96 техника мен 339 еріктілер жұмылдырылды.
Шұға Қоңқабай