Он отбасыға көмек берілді
Елдің басына түскен жағдайға орай әр жерлерде жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға барынша көмек берілуде. Осы игілікті шарадан Әулиекөл ауданының Москалев ауылының орта мектебі де қалыс қалмады. Мектеп мұғалімдері «Москалевское» ЖШС біріге отырып, «Біз біргеміз» акциясына өз үлестерін қосты.
Ауыл мектебін шаруашылық серіктестігі бұрыннан қамтамасыз етіп, барлық балаларды тегін тамақтандырып келді. Бұл жолы да оқу аяғына дейінгі қажетті азық-түлік алдын ала алынған болатын. Енді сабақ қысқартылған түрде өткендіктен мектеп асханасы жабық. Балалар мектептен тамақтанбайды, ал алынған азық-түлік жетерлік. Сондықтан мектеп мұғалімдері қолда бар азық-түлікті ауылдағы он отбасыға теңдей бөліп, таратып берді. Бұл қазіргідей қиын жағдайда көмек болары сөзсіз.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Әулиекөл ауданы,
Москалев ауылы.