Жаныңда жүр жақсы адам
Москалев орта мектебінің кітапханашысы, әрі мектеп мұғалімі Гулия Искакованың қолынан келмейтіні жоқ. Бірақ бәрінен де тігін тіккенді жақсы көреді. Осындай кезеңде ауылдықтар медициналық масканы таба алмайды. Ауылда дайын сатып ала қояр жер де жоқтың қасы. Осыны түсінген ол қарап отырмай, қолдан келер көмегі ретінде көпшілікке тегін медициналық маска тігіп беруге көшті. Матаңызды әкеліп берсеңіз тегін тігіп бере қояды. Бұған ауылдықтар да риза. Әйтпесе бәрінде бірдей тегін машинасы да, тіге алатын өнер де жоқ.
-Жалпы әріптесімнің мұның сыртында айта жүрер жақсылықтары жетерлік. Мектепке көрсетер көмегі өте көп. Қандай шара болмасын кірісіп кетіп, қолдап жатқанын көреміз. Мектеп оқушыларына сахналық киімдердің бәрін өзі тігіп береді. Осының арқасында балалар аудандық, қалалық сайыстарға ұялмай барып, орындарға ие болып жүр. Сабақтың сыртында мектеп бау-бақшасын өсіруге де, барлық шараларды безендіруге де қосар үлесі айтарлықтай. Ауылды жандандыратын да, ауыл өміріне көрік қосатын осындай азаматтар емес пе. Жаныңда жүрген жақсы адамның жақсылығын айтып, үлгі ете білгеніміз абзал, - дейді Жадыра Әбділдина
Айтолқын АЙҚАДАМОВА.
Әулиекөл ауданы,
Москалев ауылы.