Тағы да 4 жағдай
Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 4 жағдайы анықталды (2020 жылғы 25 сәуірде сағат 23.00-дегі мәлімет бойынша). Инфекцияны жұқтырған жақын байланыста болған 1968 жылғы және 1969 жылғы әйелдер, сондай-ақ 2001 жылғы және 2006 жылғы екі бала.
Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғастырылады.
Қазіргі таңда Қостанай облысында COVID-19 инфекциясының 43 жағдайы тіркелді.