Блок-бекеттерге түскі ас апарды

«Біз біргеміз!» акциясы аясында Қостанай қаласы блок-бекеттеріндегі 65 қызметкерге түскі ас таратылды. Бұл істің бастамашысы – Қостанай облыстық мешіті.
DSC_0600
Қайырымдылық шарасына Қостанай қаласы бойынша «Зекет» қоры мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» серификатын иеленген «Арзу» дәмханасының басшылығы мұрындық болды.
DSC_0603
Сыйды бекеттердегі полицейлер мен әскери қызметкерлер, дәрігерлер қуана қабылдап, ыстық ықыласын білдірді.
 Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы мен Жастар ісі секторының жауапты өкілі Әлішер қажы Ертайұлы қызметте жүрген қыз-жігіттерге шын жүректен алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Мұндай қайырымдылық шарасы әр аптада ұйымдастырылатын болып шешілді.
DSC_0598
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓