Лисаков қаласында жылыжай іске қосылады

Кеншілер қаласында үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша жылыжай кешенінің құрылысы өткен жылы басталды. Бұл туралы Лисаков қаласының әкімі М.Жүндібаев халықпен есеп беру жиналысында айтты.
20140605161905М.Жүндібаевтың айтуынша, жылына қуаттылығы 300 тонна көкөніс өсіретін жылыжай құны 675 млн. теңге. Іске асырушы "Green IsIand Kazakstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жоба тұжырымдамасы бойынша 2,5 га аумақты қамтитын жылыжайда көкөніс өсірілмек. Алайда, тапсырыс беруші компания басшылығы жылыжай құрылысын бастар алдында теңгенің құнсыздануы, қаржының жетіспеуі сияқты бірқатар мәселелердің туындағанын айтады. Құжаттар әлі күнге дейін "Еуразиялық банкінің" несие қарау комиссиясында жатыр. Бірақ қаржылық қиындықтарға қарамастан өткен жылы салынатын жердің жұмыстары аяқталып, әкімшілік-тұрмыстық ғимарат құрылысына 70 млн. теңге жұмсалды.
Жыл аяғына дейін жылыжай іске қосылады деп күтілуде.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓