Сырт елде сатпақ болған
Осы жылдың 21 сәуірі күні Ұлттық Қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері Ресейге медициналық маска өткізбек болған азаматты ұстады. Оқиға «Қайрақ» шекара бекетінде болған.
– Күнделікті әскери қызмет барысында заң бұзушылық әрекетінің беті ашылды. Еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан шекарадан заңсыз медициналық масканы алып өтпек болған азамат ұсталды. Мемлекеттік нөмірі В844 ЕУО «Мерседес» маркалы жүк көлігі «Алматы-Екатеринбург» бағытында жолға шыққан. «Қайрақ» шекара қызметкерлері иіс сезгіш иттердің көмегімен 11500 дана масканы заңсыз алып өтпек болғанын анықтады. Шығын көлемі 1357000 теңгені құрайды» – деді шекараның бақылау бөлімі бастығы Өмірбек Қуатов.
Күдіктіден алынған медициналық маска Экономикалық бақылау басқармасына жөнелтілді.