«Жаңа кәсіби стандарт»

Міне, осындай тақырыпта Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мен облыстық ішкі саясат басқармасы бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараны ішкі саясат басқармасының басшысы Ж. Мақанов жүргізіп отырды.DSC_0027
Үстіміздегі жылғы қаңтарынан бастап  мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексі қолданысқа енгізіледі. Онда мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылады. Әдеп кодексі жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деген  бес бөлімнен тұрады. DSC_0102 Сонымен бірге қызметкердің іскерлік киім киюі міндеттеліп,  мінез-құлқы, жүріс тұрысы, сөйлеу мәдениеті,  қызметтен тыс уақытта қоғамдық орындарда  масаң күйде болу жағдайларына жол бермеу де  назардан тыс қалмайды.
DSC_0065ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті жетекшісінің орынбасары- тәртіптік кеңестің төрағасы  Б.Беспалиновтың айтуынша, Әдеп кодексінің басты міндеті-сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Жаңа заңның қабылдануына байланысты тәртіптік  кеңес мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі министрліктің әдеп бойынша кеңесі болып өзгерумен қатар оның құзырлығы ұлғайды. Әдеп жөніндегі кеңес енді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларын және өздерінің функциялары мен өкілеттіліктеріне  бекітілген басқа да міндеттерді қарайды.DSC_0091
Әдеп жөніндегі кеңес өз құзыретi шегінде жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де лауазымды адамдарын, әдеп жөніндегі уәкілдерді тыңдауға, жоғары тұрған мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымын негізсіз орындамаған лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.  Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларды сақтау жөніндегі жұмысы бойынша уәкілетті өкіл  лауазымы енгізіледі.
DSC_0080
 
Сонымен қатар, дөңгелек үстелде  облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Укин, «Қостанай облысындағы кәсіпкерлік қызметке көмек беру қауымдастығының»ЗТБ атқарушы директоры П. Сухинин, З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми-зерттеу институтының директоры С. Жалыбин, «Қостанай қалалық мүгедектерінің ерікті қоғамының» төрағасы «Меритократия, нәтижелілік және қоғамға есеп беру міндеттілік негізінде қазіргі мемлекеттік аппараттың қалыптасуы мен дамуы», «Жаңа кәсіби стандар-отандық бизнестің тиімді кепілі», «Адамдық капитал кәсіби мемлекеттік аппараттың заманауи негізі», «Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру- мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырудың басты шарты» сынды өзекті тақырыптарда баяндама жасады.
 
 
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓