Көші-қон полициясының бастығы парамен ұсталды

Қылмыстың үстінен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның Қостанай облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері түсті. Рудный қаласының ІІБ ғимаратында көші-қон полициясының бастығы А.Дворский өз жұмыс бөлмесінде ұсталды. Бұл ақпарат "ТоболИнфода" жарияланды.Жемкорлык-1
Мәлімет бойынша, полиция бастығы төлқұжатты еш кедергісіз беру үшін 250 мың теңге көлемінде пара алған. Кейін белгілі болғандай, ол өз айыбын толығымен мойындады. Ол енді жегені желкесінен шығып не 15 млн. теңге айыппұл төлейді, не 7 жылға бас бостандығынан айырылмақ. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓