Азаматтарды онлайн режимде қабылдайды

«Nur Otan» партиясының жергілікті филиалы аймақ тұрғындарын қабылдап, сан түрлі сауалдың жауабын беру мақсатында «Инстаграм» әлеуметтік желісінде тікелей эфир ұйымдастырды. Мақсат – Елбасы бастамасымен жүзеге асып жатқан республикалық «BizBirgemiz» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыс турасында айтып беріп, тұрғындар сұрағына тікелей эфирде жауап беру. Олардың басым бөлігі азық-түлік себеттерін кімдер және қалай алады, қор қаражатына кімдер үміткер деген мәселелерді қозғады. Спикер ретінде сөз сөйлеген филиал төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев аймақта қандай жұмыстардың атқарылып жатқандығы туралы сөз етті.
d081752d-e277-4ab6-b66b-e9bf323d63e6
–Бүгінде әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бөлігі. Және қазіргі жағдайда тұрғындардың біздің партиямызға тәулік бойы өз өтініштері мен сұрақтарын жолдай алатын бірден бір құрал. Өздеріңіз білетіндей ел аумағында төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап, Елбасы #BizBirgemiz акциясына бастау берген болатын. Қазіргі таңда аймағымызда азық-түлік себеттерімен және тағы басқа керек құралдармен 2444 мұқтаж отбасы қамтылды. Және де бұл бағытта жұмыс белсенді түрде жұргізіліп жатыр, – деді Эльдар Күзенбаев.
Жалпы тікелей эфирді 500-ден астам  адам тамашалап, 150-ге жуық сұрақ келіп түсті.  Әрбір сұрақ жеке қарастырылып, тұшымды жауап берілді. Әрі қарай шешімін табу мақсатында кейбір сұрақтар жазылып алынды. Сондай-ақ, 42500 әлеуметтік жәрдемақы төлемі, #BizBirgemiz акциясы шеңберінде көрсетіліп жатқан көмек және қордан берілетін 50 мың теңге қаражат жайында сұрақтар көп қойылды. Сонымен қатар, тікелей эфир барысында көрсетілген көмек пен қордан түскен 50 мың теңге қаражат үшін алғысын білдірген азаматтар да болды.
49a2b0fa-e6de-4ddb-941d-fd986998884e
«Birgemiz» қорынан бөлінген төлемдердің бірінші толқыны барысында, жергілікті атқарушы органдар құраған тізім бойынша Қостанай облысында 5681 мұқтаж жан 50 мың теңге көлемінде көмекке ие болды. Өз сөзінде Эльдар Қүзенбаев қордан мамыр айының басында екінші толқын бойынша қаражат бөлінетінін айтты.
–Мұқтаждарды көбірек қамту бойынша жүктелген міндетті ескере отырып, көмек көрсетудің екінші кезеңінде осы кезге дейін көмек алмаған отбасыларға басымдық бермекпіз. Таяу күндерде өңірлердің әкімдері мен әлеуметтік қорғау органдары көмек алушылардың тиісті тізімдерін пысықтайтын болады, – деді Эльдар Қонысбайұлы.
Сәуір айының басынан облыстық филиалға үш мыңға жуық азамат жүгінген. Екі мыңнан астам өтініштер оң шешімін тапты. Партия филиалының әлеуметтік желідегі парақшаларында күнделікті өтінімдер қабылданып, туындаған сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Алдағы уақытта осы сынды тікелей эфирді мемлекеттік орган басшыларымен де өткізу жоспарда бар екенін айта кеткен жөн.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓