Әр заңсыздық қатаң қаралады

Елдегі төтенше жағдайлар туралы заңның нормалары мен ережелерін елемей, жеке бас пайдасын ойлаған лауазымды тұлғалар жазаға тартылды. Бұл туралы өңірлік коронавируспен күрес жөніндегі штабтың отырысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Қуаныш Бекбасов мәлімдеді.
Бекбасов
Ол заңның нормалары мен ережелерін түсіндіре келіп, жақында Алматы қаласы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған екі маманды айтып өтті. Карантинге жабылған мегаполистің блок-бекетінде кезекшілік атқарған екі тұлға қалаға кедергісіз кіріп-шыққандардан жүйелі түрде пара алды деген күдікпен ұсталды.
Сол секілді Алматы көліктік бақылау инспекциясы басшысының қала аумағында 10 жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін пара алғаны айтылды.
«Барлық күдіктілер ұсталды. Төтенше жағдай кезінде мұндай әрекеттерге бару қылмыстық заңнамада қатаң қаралады. Осыған байланысты, өңірдегі мекеме басшылары қарамағындағыларға жауапкершілігі туралы көбірек ескертіп қойса дейміз. Бұл норма Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша заңға енгізілген», – деп атап өтті Қ.Бекбасов.
WhatsApp Image 2020-04-23 at 22.40.01
Сонымен қатар, отырыста облыстық арнайы мониторингтік топтың қызметі, ақпараттық алдын алу жұмыстары, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың тәжірибелік тетіктері талқыланды.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы азаматтардың мемлекеттік қызметтерді барынша қолайлы жағдайларда алуы үшін аудан-қалаларда ашылып жатқан «Көмек алаңы» кеңселерін маңызды бастама деп атады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓