ҚОСТАНАЙДА ҚОНЫСТОЙ (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін Қостанай қаласының Қобыланды батыр даңғылында көп қабатты жаңа үй пайдалануға берілді. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынған 60 пәтерлі баспанаға көп балалы аналар, жетім балалар және кезекте тұрған азаматтар ие болды.WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.09.06
WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.09.05(1)"Жалпы, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында биыл 330 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. Ал 8 айдың қорытындысы бойынша, 231 мың шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне бұйырды", – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің құттықтау сөзінде.WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.09.01
WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.09.05
WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.09.02Аймақ басшысы 12 көп балалы отбасыға, 15 жетім балаға, сондай-ақ баспана кезегіндегі бюджеттік ұйым өкілдері мен мемлекеттік қызметшілерге пәтер кілттерін табыс етті. WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.08.43WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.08.42Қуанышқа кенелгендердің бірі – Аруна Мырзағалиева. 18 жастағы бойжеткенге жетім санаты бойынша баспана беріліп отыр.WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.08.39
WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.08.39(1)"Мен қазіргі таңда Қостанай педагогикалық колледжінде 3-курста оқимын. Шынымен де, мемлекет тарапынан, облыс басшылығынан қамқорлық жылуын сезініп келеміз. Бүгінгі оқиғаның өмірімдегі орны мүлде бөлек. Бүгінгі қуаныш иелеріне қосылып, мен де шексіз алғыс айтқым келеді", – дейді Аруна.WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.08.38
WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.08.36
WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.09.03Облыс әкімі мұнан соң Абай даңғылында тұратын жалғызбасты ана – Гауһар Жаңабергенованың үйіне арнайы барды. WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.08.31
WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.08.356 баланың анасы 5 жыл паналап келген үй бұған дейін адам тұрғысыз болған. Төбесін тамшы тесіп, іргесі үгіліп, қабырғалары қақырап, құлауға шақ тұрған. Ал бүгінде жан танымастай өзгерді. Жылы, жайлы, сәнді, ішіне кірсе шыққысыз. Жылу, ыстық-салқын су, дәретхана – бәрі іште. Өзі жалданып жұмыс істейтін "Сыл" ЖШС екі ай ішінде толықтай жөндеп берген.WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.08.32(1)WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.08.33"Жағдайымызға көңіл бұрған әкімдікке, өз қаражатына үйімді қайтадан салып беріп, толықтай тұрмыстық техникамен, жиһаз-мүлікпен қамтыған серіктестік басшысы Гагик Овнанянға Алла разы болсын! Бұл – 1 ұл, 5 қыз тәрбиелеп отырған мен секілді анаға көрсетілген орасан зор көмек!" – дейді Гауһар Ғалымжанқызы. Шаңырағы шаттыққа толған ақ жаулықты ана атқамінерлерге рахметін жаудырды.WhatsApp Image 2019-09-21 at 12.08.31(1)
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓