Көлік қозғалысы шектелді

f3daf2dc-beb5-471c-be1a-c2519ee0b46b
Өңіріміздің бас санитарлық дәрігерінің «Қостанай облысында карантин енгізу туралы» 2020 жылғы 15 сәуірдегі қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты 4 тармағының 2-1 тармақшасы төмендегідей болып бекітілді:
«2-1) жеке көлік құралымен Қостанай облысының қала, аудан, ауылдық аумақтарында  сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін қозғалып жүруіне тыйым салынады.
Қалған уақыттарда мына көлік иелеріне ғана жүріп-тұруға рұқсат:
– аталған Қаулының 7 тармағы 1-ші қосымшасында көрсетілген тұлғаларға;
– көктемгі егіс жұмыстарына, ауыл шаруашылық науқанына, соның ішінде омарташылықпен айналысатындар үшін (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ауыл шаруашылық тауар өндірушісі, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізуге құқығы бар коммуналдық шаруашылық) расталған  мемлекеттік тіркеу куәлігі болған жағдайда, жеке куәлігі, сондай-ақ жұмыс орнынан анықтамасы (мөр басылып, расталған) бар жұмысшылар;
– жүре алмайтын науқастарға, қарттарға, мүгедектерге және басқа да тұрақты түрде ем-дом қабылдауды қажет ететін жандарға қарайласып, бағып-қағатындар медициналық мекемеден расталып берілген анықтамасы болған жағдайда;
–   Өңірлік жедел штаб рұқсат еткен басқа да көліктік құралдар», – делінген Қаулыда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓