Электронды форматқа көшіп жатыр

Қостанай ауданында денсаулық сақтау ұйымдары 100% медициналық ақпараттық жүйемен (МАЖ) қамтылған. Бұл жөнінде жергілікті мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі, ішкі сапаны бақылау және ақпараттық технологиялар бөлімі хабарлады.1d36dff8-51c8-408a-b5a1-a25dd9fba436Ауданның медицина мекемелерін компьютермен жабдықтау көрсеткіші – 72,4%. Тұрақты жұмыс істеп тұрған 147 компьютер бар. 
«Ауданның денсаулық сақтау нысандарының 94%-інде интернет бар. Сормов, Павлов ауылдарындағы медициналық пункттер ғана желіге қосылмаған. Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер МАЖ-да 100% жұмыс істей алады, өйткені оқытылған. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылар жұмыстар жалғаса береді», – дейді аудандық мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі, ішкі сапаны бақылау және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы И.Ермолина.
Оның айтуынша, ауданда медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшіру жұмысы қарқынды жүргізілген. Қазіргі уақытта 121 нысанның 64-і электронды форматқа ауысқан.
Медициналық ақпараттық жүйелер денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын цифрландыруды және электронды денсаулық паспортын қалыптастыру үшін қажетті ақпарат жинауды қамтамасыз етеді.
Бүгінде медициналық ақпараттық жүйеде 57 мың 904 адамның электронды денсаулық паспорты бар, яғни, бұл – аудан тұрғындарының  92,33%-і.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓