Таксиші, тәртіптен тайқыма!
Бүгін Қостанай қаласында такси көліктерінің карантин кезіндегі санитарлық-эпидемиялық талаптарға сәйкестігін бақылау мақсатында рейд өтті.







Оның айтуынша, осы талапты бұзғандар 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
"Жолаушылар тасымалының ережесі бойынша, әр такси жүргізушісінің тіркеуге алынғаны туралы анықтамасы болуы тиіс. Оны электрондық қызмет арқылы рәсімдеуге болады. Егер мұндай құжаты болмаса, жүргізушілерге қызмет көрсетуге тыйым салынады, – дейді Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Бейсенов.

Қазіргі уақытта облыс орталығында жолаушы тасымалдауға рұқсат алған 163 ұйым бар. Әрқайсысына төтенше жағдай уақытында тәртіпті қатаң қадағалау жүктелген. Алда-жалда ереже бұзып тұтылып жатса, таксидің жүргізушісі де, қызмет көрсетуші ұйымның басшылығы да жазасыз қалмайды. Ал бүгінгідей рейд облыстағы күрделі жағдай сейілгенше жалғаса бермек.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев