Карантин оразаға кедергі емес

maxresdefault
Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – Рамазан айы. Биылғы жылы Рамазан айы сәуірдің 24-нен бастау алды. Бұл айда ораза ұстаған адам жаны мен тәні тазаруы үшін жаман істер жасаудан тыйылу қажет. Биыл елімізде Рамазан айы бұрынғы жылдардағыдай емес, карантинге байланысты басқаша сипатта өткелі отыр. Бұл жайында ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет айтып берді.
бас имам
– Биыл облысымыздағы мешіттердің алдында «Рамазан шатыры» жұмыс істейді. Таңертеңнен кешке дейін кезекші имамдар сол жерде отырып, келетін жамағатқа оразаның кестесін таратады, түрлі сұрақтарына, соның ішінде қасиетті айға қатысты сауалдарына жауап береді. Сондай-ақ, қазіргі таңда жұртшылық пітір садақаны еліміздегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн жүйе түрінде садақа ете алады. Облыстық мешіт үшін «Каспи» және «Qiwi», ал аудан-қалалардағы мешіттеріне «Халық банкі» мобильді қосымшалары арқылы аударуға болады. Бұл қосымшалар зекет, басқа да қайырымдылық мақсаттағы садақаларды да қабылдай береді. Ал ондай мүмкіндігі жоқтар мешіттеріміздің сыртындағы «Рамазан шатырында» қойылған жәшіктерге келіп садақаларын салуға мүмкіндік бар. Айрықша айта кетер жайт, пітір садақа дұғасы да онлайн беріледі. Инстаграм желісінің mechet_kostanay парақшасында күнделікті сағат 15.00-де қариымыз Мұртаза Балахмет эфир арқылы құранның бір парасынан оқиды, соңынан сол күнгі пітір садақа берушілерге біржола бата жасалады, – деді бас имам.
Сондай-ақ, биыл мешіттерде тарауық намазы оқылмайды. Оны үйіңізде өтейсіз. Әр күн сайын құптан намазына жарты сағат қалғанда «YouTube» видеохостингінің Марал ишан каналында онлайн дәрістер, уағыздар айтылады. Онеы бас имамның өзі мен найб имамдар өткізеді.
– Ауызашар мәселесі де шешімін тауып келеді. Ендігі жерде ораза ұстаған адамдардың үйіне ауызашар тамағын апару көзделіп отыр. Ас-суды ең алдымен қарт, жағдайы төмен кісілерге жеткізбекпіз. Бұрын мешіттердің асханаларында жамағатқа ауыз аштырып келген азаматттарға биыл үш түрлі жол ұсынып отырмыз: біріншісі –ақшалай, оның бағасын есептеп жатырмыз; екінші – мал сойып, соның етін тарату; үшінші – азық-түлік ретінде, – деді Бахытбек қажы Нұрғабылұлы.
WhatsApp Image 2020-03-29 at 17.11.35 (1)  
WhatsApp Image 2020-03-29 at 17.11.31
Айта кетейік, елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері өңіріміздің мешіттері қайырымды жандардың көмегімен 1118 отбасыға азық-түлік жеткізіп, түрлі мекемелерге, жеке адамдарға 5000-нан астам бетперде таратты.
 
ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН ОРАЗАСЫ МЕН НАМАЗ УАҚЫТТАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ
Миләди 2020 жыл – хиджри 1441 жыл
(Қостанай қаласы үшін)
 
Сәуір, мамыр
 
Рамазан айы
Апта
күндерi
Таң намазы
 
Күннің
шығуы
 
 
Бесін намазы
 
Екiндi
намазы
Ақшам намазы
(Ауыз ашар уақыты)
Құптан
намазы
24
1
Жұма
04:28
06:20
13:49
18:49
21:08
23:01
25
2
Сенбі
04:25
06:18
13:48
18:50
21:10
23:04
26
3
Жексенбі
04:22
06:16
13:48
18:51
21:11
23:06
27
4
Дүйсенбі
04:18
06:14
13:48
18:52
21:13
23:09
28
5
Сейсенбі
04:15
06:12
13:48
18:53
21:15
23:12
29
6
Сәрсенбі
04:12
06:10
13:48
18:55
21:17
23:15
30
7
Бейсенбі
04:09
06:08
13:48
18:56
21:18
23:18
01
8
Жұма
04:05
06:06
13:48
18:57
21:20
23:22
02
9
Сенбі
04:02
06:04
13:47
18:58
21:22
23:25
03
10
Жексенбі
03:59
06:02
13:47
18:59
21:24
23:28
04
11
Дүйсенбі
03:55
06:00
13:47
19:00
21:25
23:31
05
12
Сейсенбі
03:53
05:58
13:47
19:01
21:27
23:32
06
13
Сәрсенбі
03:52
05:56
13:47
19:02
21:29
23:33
07
14
Бейсенбі
03:51
05:54
13:47
19:03
21:31
23:34
08
15
Жұма
03:50
05:52
13:47
19:04
21:32
23:35
09
16
Сенбі
03:49
05:51
13:47
19:05
21:34
23:36
10
17
Жексенбі
03:48
05:49
13:47
19:06
21:36
23:37
11
18
Дүйсенбі
03:47
05:47
13:47
19:07
21:37
23:37
12
19
Сейсенбі
03:46
05:45
13:47
19:08
21:39
23:38
13
20
Сәрсенбі
03:45
05:44
13:47
19:09
21:41
23:39
14
21
Бейсенбі
03:45
05:42
13:47
19:10
21:42
23:40
15
22
Жұма
03:44
05:40
13:47
19:11
21:44
23:41
16
23
Сенбі
03:43
05:39
13:47
19:12
21:46
23:41
17
24
Жексенбі
03:42
05:37
13:47
19:13
21:47
23:42
18
25
Дүйсенбі
03:42
05:36
13:47
19:14
21:49
23:43
19
26
Сейсенбі
03:41
05:34
13:47
19:15
21:50
23:44
20
27
Сәрсенбі
03:40
05:33
13:47
19:16
21:52
23:45
21
28
Бейсенбі
03:40
05:32
13:47
19:16
21:53
23:45
22
29
Жұма
03:39
05:30
13:47
19:17
21:55
23:46
23
30
Сенбі
03:38
05:29
13:47
19:18
21:56
23:47
 
ЕСКЕРТУ:
  • 24-сәуір қасиетті Рамазан айының 1-ші жұлдызы.
  1. Сәресі ішу таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатылады.
  2. Мамырдың 19-нан 20-на қараған түн (26-27 Рамазан) қасиетті – Қадір түні.
  3. Ауызды ақшам намазының уақыты кіргенде құрмамен немесе сумен және т.б.тағаммен ашу керек.
  4. Тарауих намазы 23-сәуірден бастап, құптан намазынан кейін оқылады, одан кейін үтір уәжіб намазы оқылады. Елімізде таралған індетке байланысты тарауих намазын әркім үйлерінде оқиды.
  5. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап, айт күніне дейін беруге болады. Биылғы жылы Қостанай облысы бойынша пітір садақасының құны – 370 теңге.
  6. Ораза ұстауға шамасы келмейтін қарт адамдар және ауыз бекітуге болмайтын созылмалы дерті бар кісілер, ұсталмаған оразаның әр күніне мұқтаж жандарға фидия садақасын береді. Фидия садақасының құны – 1700 теңге. Егер дәулеті болмаса, фидия садақасын да төлемейді.
  7. 24-мамыр жексенбі күні – Ораза айт мейрамы басталады. 
  8. Оразаға ниет: «Алла Тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын таңнан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім».
  9. Ауыз ашар дұғасы: «Жаратқан Ием Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! Менің алдынғы және соңғы күнә кемшіліктерімді кешіре гөр!»

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓