Жарна төлеуден босатылды

Еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілері ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін, ал ірі бизнестің кейбір субъектілері  1 шілдеге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылды. Мұндай шараларды мемлекет төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін қабылдады. Яғни, олар жұмыс беруші ретінде 2 пайыз мөлшерінде аударымдарды төлемейді, сондай-ақ өз қызметкерлерінің жалақысынан 1 пайыз жарналарды ұстамайды. Осылайша, 1 миллионға жуық азамат МӘМС-ке жарна төлеуден босатылды. Бұл осы салалардағы қызметкерлердің жалпы саны. Алайда, олардың барлығы қажетті медициналық көмекті толық көлемде алуы тиіс, олар үшін Қор төлейді. Сондай-ақ, салықтар мен әлеуметтік төлемдерге “нөлдік” мөлшерлемені қолданатын субъектілердің тізімі бекітілді. Бұл сауда, көлік және техникалық қызметтер, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі, ойын-сауық, бағдарламалық қамтамасыз ету және фитнес субъектілері.
МӘМС
Қаулыда көрсетілген санаттарға кірмеген бизнестің субъектілеріне МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін шегерілді.
Жеке кәсіпкерлерге де жеңілдік жасалып отыр. Оларға 2020 жылдың 1 қазанына дейін өз қызметкерлері үшін аударымдарды төлеудің және жалақыларынан жарналарды ұстаудың қажеті жоқ. Алайда, өзі үшін төлеу керек, ал төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылған.
Заң жарналар мен аударымдардан бас тартуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан 1 қазанға дейін бизнестің субъектілерінде төленбеген кезең бойынша қарыз пайда болады. Осыған байланысты “босатылған” қызметкерлерге қарызды есептемейтін заңды нормасын енгізу туралы ұсыныстарға Қор бастамашылық болып отыр. Қазіргі қиын кезеңде осылайша Қор азаматтарға қолдау көрсеткісі келеді. Қазір бұл өзгертулердің өңдеу жұмыстары жүргізілуде, оларды үкімет қарайды.
Сонымен қатар, бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілердің де саны өскенін айта кеткен жөн, өйткені оны төлеу өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алу шарты болып табылады. Табыссыз қалған және ресми түрде жұмыс істемейтін азаматтар қала тұрғындары үшін 2 651 теңге және ауыл тұрғындары үшін 1 326 теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлемді жасап, жәрдемақы алу үшін өтінім беріп, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мүшесі бола алады. Осыған байланысты БЖТ төлеушілердің саны 85 мыңнан (1 сәуірге дейін төлегендер) 1,8 миллион азаматқа дейін ұлғайды. Алайда, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу үшін төлемдерді үнемі жасап тұру керек (сақтандырылушының мәртебесін алу үшін кемінде 3 ай).
Айта кетейік, қазір Қазақстанда сақтандырылмағандардың үлесі шамамен халықтың 15 пайызын құрайды. Алайда, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін мүлдем барлық азаматтар шартты сақтандырылған болып саналады және медициналық көмекті толық көлемінде алуы тиіс.
“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ
Қостанай облыстық филиалы

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓