«Мамандығы – құтқарушы»

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Мамандығы – құтқарушы» тақырыбында жиын өтті.003
Департамент бастығы6 өртке қарсы қызмет полковнигі Т. Кәкімов өз сөзінде бүгін ҚР азаматтық қорғау органдары минут сайын, күн сайын қауіп-қатерге тойтарыс беруді ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи және техногенді апаттардың дамуының реңктерін қарастырып, талдап, алдын алуға күш жұмылдыратынын тілге тиек етті. Олардың ҚР Ішкі істер министрлігінің құрамындағы қуатты күш екенін атап көрсетті. ҚР азаматтық қорғау органдары қызметінің міндеттері әр азаматтың қорғаныс жағдайын жасау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету екеніне тоқталды.001
Қостанай құтқарушыларының жұмысы туралы баяндамамен  Департамент бастығының орынбасары полковник В. Шиллер сөз сөйледі. «Департаменттің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі жұмыстары» ММ бастығының уақытша міндетін атқарушы, өртке қарсы қызмет полковнигі Д. Полончук «Өрт сөндірушінің бір күндік жұмысы» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ ол «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтын толтыру» тақырыбында әзірленген бейнероликтер  көрсетті. Ал «Қостанай темір жолы ауруханасы», «Медицина апаттарының темір жол госпитальдері» АҚ филиалының директоры К. Жайсанбаев Қостанай темір жолы ауруханасы құрылуының тарихы туралы айтты. Жиналғандарға дәрігерлердің жұмысы туралы деректі фильм көрсетілді.002
 
                                Қостанай облысы ТЖД Кадрлық жұмысы бөлімі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓