Ер адам суға батып кетті
Оқиға 31 тамызда Федоров ауданының Пешков ауылы маңындағы жасанды көлде болған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. "Пешков ауылынан 5 шақырым жердегі су қоймасынан 34 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Денені жергілікті тұрғындар тысқа алып шыққан. Марқұмның суға қандай жағдайда батып кеткені белгісіз. Оқыс жағдай болуы мүмкін", – делінеді ведомство хабарламасында.
Оқиға орнына аудандық ТЖБ қызметкерлері мен полицейлер барды. Дене сот-медициналық сараптамаға жеткізілді.