Ыстық тамақпен қамтылды
Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан #BizBirgemiz #NurOtan акциясы аясында ел аумағында төтенше жағдай кезінде ел қауіпсіздігі үшін тәулік бойы қызмет етіп жатқан қызметкерлер партия еріктілері мен белсенділерінің назарынан тыс қалмады. Бүгін қаланың кіреберісіндегі өткізу пункттеріндегі дәрігерлер, полиция және төтенше жағдай қызметкерлері толыққанды ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Олар қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ, бүгін Аймағамбет қажы Спанұлы мешітінің өкілдері мен партияның облыстық филиалының белсенділері де Әулиекөл мен Сарыкөл аудандарына баратын тас жолдарында орналасқан өткізу пунктінде қызметін атқарып жатқандарды ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Шара барысында барлық санитарлық нормалар сақталды.