Кәсіпкерлерге рақымшылық
Қостанай облысында 1000-нан аса кәсіпкер жалға алу ақысынан босатылды. Атамекен кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сәйкес, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордан үй-жайларды жалға алатын бизнес субъектілеріне осындай рақым жасалды. Нәтижесінде кәсіпкерлер 239,6 млн теңге үнемдеген."Біздің мәліметіміз бойынша, пандемия кезеңінде Қостанай облысында 1522 шарт бойынша ЖАО және квазимемлекеттік сектор алаңдарын иеленетін 1087 бизнес субъектілері үшін жалдау ақысын есептеу тоқтатылды. Сондай-ақ, карантин кезеңінде Кәсіпкерлер палатасы жалға беруші жеке кәсіпкерлермен жұмыс жүргізді, оның нәтижесі бойынша 3 500-ден астам бизнес субъектілері кейінге қалдырылды, қайта есептелді немесе жалдау ақысы 50%-ға дейін төмендетілді", – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.
Еске салай кетейік, өткен жылы елімізде пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілері мемлекеттік мүлкі мен квазимемлекеттік мүлік үшін жалдау ақысынан босатылған болатын.
Осы жылдың 5 наурызында мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдаудың шұғыл пакетін мақұлдады, онда жалдаудан босату 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.