Бала күтімімен үйде отырған…
Бұған дейін 22 сәуір күні Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның тағы 7 жағдайы тіркелгенін, науқастар санының 34-ке жеткенін хабарлаған болатынбыз – https://old.kostanaytany.kz/archives/84888. Олардың бесеуі Жітіқарада, екеуі Қостанай қаласында анықталып отыр.
Өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, облыс орталығында COVID-19 диагнозы анықталған 37 жасар әйел бала күтіміне байланысты декреттік демалыста отырған.
«Әйел емханаға ЖРВИ диагнозымен қаралуға жүгінген. ПТР зерттеудің нәтижесі бойынша COVID-19 расталды. Қазіргі уақытта оның үйіне келіп, жақын байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Барлық ара байланыста болғандар үй карантиніне жатқызылды, сараптамалар алынды» – делінген хабарламада.