Төрлет, Наурыз!

Бүгін ұлық мейрам Ұлыстың Ұлы күнін Қостанай шаһары ерекше сән-салтанатымен дүркірете думандатты. Орталыққа жиылған жұртшылықтың қарасы қалың. Ауа райы аса қолайлы да болған жоқ: қар ұшқындап, жел соғып тұрды. Дегенмен, күннің салқындығы мерекелік көңіл-күйге қаяу түсіре алмағандай. "Бұл қарлы жел – Құс қанаты" мен "Алтынкүрек" қой" десті үлкендер. IMG_0060
IMG_0004Облыстық әкімдік алдына жағалай қонған киіз үйлер маңы – қараң-құраң халық. Отаулар ауласын, ошақтардан шыққан түтінді, әр ұлттың ән-күйін, айқара ашық есікті ерсілі-қарсылы адамдар айналып өтіп жатқан жоқ. Қазан басынан тегін таратылып жатқан ыстық бауырсақ, Наурыз көже, палаудан ауыз тиюде. IMG_9936
IMG_9928
IMG_0041
IMG_0042
IMG_0159
IMG_0144Ал, басты сахнада – өңірге белгілі өнерпаздардың тартуы және балдырғандардың әзірлеген көңілді билері. IMG_0044
IMG_0011IMG_0036 - копияҚала тұрғындары мен қонақтарының қуанышын ортақтаспаққа облыс әкімі Архимед Мұхамбетов сахна төріне көтерілді. Ол өз сөзінде көктемнің ең көркем де асқақ мәртебелі мерекесімен шын жүректен құттықтады. IMG_9999
 
Мейрамның басты кейіпкері Қыдыр ата да дүйім елді аузына қаратып, қос білегін көтеріп, ақ батасын жолдады. IMG_0013 - копия
IMG_0016Мейрам көрігі одан әрі қыза жөнелді. Қоғадай жапырылған қауымға ән-күй шашуы шашылғанның үстіне шашылды. IMG_0030
IMG_0202
IMG_0032
IMG_0037Нақ осы кезде киіз үйлер сайысы қорытындыланды. Биылғы жеңімпаз – облыстық іскер әйелдер ассоциациясы. Төрелік еткен билік өкілдері шаңырағы ең сәнді, дастарханы ең дәмді аталмыш ақ үй егелерін ақшалай сыйлықпен марапаттады. IMG_0114
IMG_0137Жаңару мен жасарудың ғана емес, ауызбіршілік пен татулықтың мейрамында  қуанышты тең бөлісіп, шат-шадыман болысқан ұлт пен ұлыстарға қарап көз қуанды, көңіл марқайды.
IMG_0162
 
IMG_0205Бұл жолғы мерекеде орталық алаңда қазақ күресінен, аударыспақтан жүлделі бәсекелер болды. Қойды иыққа салып көтеруден жарыс ұйымдастырылды. Бұл туралы келесі материалымызға назар салыңыз!IMG_0331
 
Ж.Жүсіпбек.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓