«Президенттік қолдау аясындағы әлеуметтік көмекке ризамыз»

Қостанай облысында 17 мыңдай отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Мемлекет тарапынан берілер осындай жәрдемақы тағайындалғандардың бірі – амангелділік Ақмарал Аманова.
WhatsApp Image 2020-04-22 at 12.07.50
 
«Президентіміздің әлеуметтік қолдауы аясында көп балалы отбасыларға көрсетіліп отырған көмекке дән ризамыз», – дейді ол.
Ақмарал Қамитқызы 8 перзентті дүниеге әкелген алтын алқалы ана. Бүгінде екі баласы студент. Екеуі де Қостанай мемлекеттік университетінде оқиды.
WhatsApp Image 2020-04-22 at 11.33.57
«Бір балам қазақ тілі мен әдебиетін, екіншісі ветеринария мамандығын таңдаған. Қазір елдегі төтенше жағдайға байланысты қасымызда, қашықтан оқып жүр. Жұбайым «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторы. Атаулы әлеуметтік көмек аламыз. Ай сайын азық-түлік жиынтығын беріп тұрады. Оның ішінде дәруменге бай тағамдар салынады. Қазіргі уақытта оның маңызы зор», – дейді Ақмарал Аманова.
Бүгінде Амангелді ауданында атаулы әлеуметтік көмекті 155 отбасы алып отыр. Яғни, 881 адам қамтылған, оның ішінде 568-і балалар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓