Провизорлық емханаға жүгінуге болады

Бүгіннен бастап жедел респираторлық вирусты инфекцияға және пневмонияға күдікті пациенттерді қаламыздағы №4 емхана ішінен ашылған провизорлық бөлімде қабылдайтын  болады. Яғни, барлық науқастар осы жерге жіберіледі, олардың бұл емханаға тіркеліп-тіркелмегендігі маңызды емес. Мамандар мұндай шараның ЖРВИ-ді ғана емес, COVID-19 инфекциясын да тез әрі қауіпсіз анықтауға көмектесетіндігін айтады.  
емхана№4
-Вирусты жұқтырғандардың барлығын бір ғимаратта шоғырландырамыз. Жедел респираторлық вирусты инфекцияға шалдыққан адам өз емханасына бармауы және айналасындағыларға қауіп төндірмеуі тиіс. Сондықтан сіз ауырып қалсаңыз, тек провизорлық емханаға жүгінуіңіз қажет. Мұнда сізді қан, несеп, рентген, коронавирусқа талдау жасайтын мамандар қабылдайды. Сіздің деректеріңізден басқа, барлық байланыста болған адамдарыңыз мен отбасы мүшелері де тіркеуге алынады. Мамандар бұрынғы педиатриялық бөлімшеде күнде сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Алты дәрігер науқастарды ауысыммен қабылдайды, әр медицина қызметкерінің өз кабинеті бар. Бұл ретте медицина қызметкерлері де толық арнайы киіммен қамтамасыз етілген, себебі олардың өздері де қауіпсіздендірілуі тиіс, – дейді №4 емхананың бас дәрігері Маргарита Бисенова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓